Рыбакина "Уимблдондағы" жетістігінен кейін алғаш рет жеңіске жетті

©Reuters

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонтодағы (Канада) WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Еліміздің бірінші нөмірі теннисшісі чехиялық Мария Бузкованы 7:5, 6:7, 6:1 есебімен ұтты.

Турнирдің 1/32 финалы аясындағы матч үш сағатқа жуық жалғасты. Қазақстандық теннисші алты рет эйс жасады.

Енді Рыбакина америкалық Мэдисон Бренгл мен Кори Гауфф жеңімпазымен кездеседі. Бұл ойын 9 тамыз күні елорда уақытымен 21:00-де басталады.

Еске салайық, Елена Рыбакина шілде айында жекелей жарыста "Уимблдон" турнирін ұтқан еді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport