Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Ол еліміздің атынан жекелей сында финалға дейін жеткен алғашқы теннисші атанды.
Жартылай финалда WTA рейтингінде 23-орында тұрған Рыбакина 18-орындағы румын қызы Симона Халеппен кездесті.
37 минутқа созылған бірінші сетті Рыбакина 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады. Бұл гейм барысында қазақстандық теннисші бір брейк істеді. Ал екінші сетті Елена 6:3 есебімен ұтты. Осылайша, Рыбакина финалға шықты.
Енді Уимблдон турнирінің финалында отандасымыз әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жабермен кездеседі. Өз кезегінде тунистік теннисші жартылай финалда Татьяна Марияны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.