Рыбакина Уимблдон турниріндегі қазақстандық жанкүйерлер туралы айтты

©Vesti.kz, Турар Казангапов

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде Симона Халеппен өткен ойыннан кейін қазақстандық жанкүйер мен Қазақстан теннис федерациясының қолдауы туралы айтты, деп жазады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі. 

"Қарсыласым Симона Халеп – Уимблдон чемпионы атанған спортшы, бұдан бұрын да кездесулеріміз өте тартысты өткен еді. Осы жолы өз өнеріме ризамын, ең бастысы, сапалы ойнадым. Әрине, жүйкеге оңай тиген жоқ, дегенмен, бұрынғы матчтар менің бекініп шығуыма септігін тигізді. Бұрын Орталық кортта ойнаған жоқ едім, бірақ бұл маған әсер ете қойған жоқ. Жанкүйерлерім қарсы алған кезде ерекше сезімге бөлендім. Қиын болғанына қарамастан, бәсеке нәтижесінде жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Әдетте бүкіл матчта тұрақты ойнап шығу қолдан келмейтін, бұл жолы психологиялық дайындығым жақсы болып, бар шеберлігімді көрсете білдім. Ал Қазақстаннан теннис федерациясының басшысы Болат Өтемұратовтың өзі келіп қолдады. Бұл мен үшін маңызды. Мұны сонымен қатты бағалаймын", - деді Рыбакина. 

Еске салайық, жартылай финалда Рыбакина Халепті 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша, ол Қазақстан намысын қорғайтын теннисшілер арасында бірінші болып финалға шықты. Енді ол 9 шілде күні финалдық ойын өткізеді. Қарсыласы - Онс Жабер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport