Рыбакина "Уимблдон" турниріндегі жетістіктің сырын ашты

©wtatennis

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің ширек финалына шыққан соң WTA баспасөз қызметіне сұхбат берді.

Спортшының айтуынша, ол аталмыш жарыстың алдында бабында болмаған.

"Биылғы маусымдағы бабым өзім ойлағандай емес. Өзіме сенімді болмадым. Себебі жақсы дайындықтан өткен жоқпын. Жарақат алдым, Парижде ауырып қалып, дер кезінде қалпыма келе алмадым. Алайда әр нәрсенің қайыры бар ғой. Жарыстардың алдында барынша еркін жүрдім. Бұл жерде де өзімді еркін сезініп, жарыстағы жеңісті сәттерімнен ләззат алып жүрмін. Соңғы айларда жайсыз сезініп жүр едім. Ковидтен кейін жыл басында аллергиямен біраз арпалысып жүрдім. Сондықтан қазіргі ала-құла ойыныма қарамастан бақыттымын. Мүмкін физикалық жағынан бабым да төмен, ойыным да керемет емес, алайда шиеленісті ойындарда жеңіске жетіп жатқаныма қуаныштымын", - дейді Рыбакина.

Еске салайық, турнирдің 1/8 финалында Рыбакина хорватиялық Петра Мартичті ұтты. Енді жарыстың ширек финалында ол аустралиялық Айла Томляновичпен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport