Рыбакина Уимблдон финалы алдында даулы сұраққа ашық жауап берді

©Reuters

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина өзінің ұлты мен азаматтығына байланысты қойылған сұраққа ашық жауап берді, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

"Сіздің ойыңызша "сезіну" деген не? Мен теннис ойнап, сонымен рақаттанамын. Мен осы кезеңге жете алмаған теннисшілерді жақсы түсінемін. Ал дәл қазір мен өз жетістігіме қуанып, қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. 

Мен Қазақстанның намысын бірнеше жылдан бері қорғап келемін. Қазақстан намысын қорғайтыныма қуаныштымын. Маған осы ел сенді. Сондықтан бұдан бұлай ондай сұрақ қоймаңыздар. Иә, мен Ресейде дүниеге келдім. Бірақ Қазақстан атынан шығамын. Не үшін қайта-қайта мұны сұрай беретіндеріңізді түсінбеймін", - деді Рыбакина. 

Еске салайық, Уимблдон турнирінің финалында Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберге қарсы ойнайды. Ойын ертең, 9 шілде күні болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport