Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің екінші айналымына шықты

Сурет: RatingBet

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатидегі (АҚШ) WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады. Бірінші айналымда ол аустралиялық Саманта Стосурды ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч бір сағат 12 минутта аяқталды. 22 жастағы Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы болған спортшыны екі сетте ұтты - 6:3, 6:3. Қазіргі таңда аустралиялық теннисші АТР рейтингінде 186-шы орында. 

Айта кетейік, Елена бұл қарсыласын бір айда екінші рет ұтып отыр. Мұның алдында спортшылар Олимпиадада кездесу өткізді. 

Екінші раундта Рыбакина бельгиялық Элизе Мертенспен ойнайды, спортшылар арасындағы өзара есеп әзірге - 1:1.

Осының алдында Цинциннатидегі турнирдің екінші айналымына Александр Бублик шыққан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: