Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
1/8 финалда қазақстандық теннисші ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті.
Үш сетке созылған тартысты кездесуде Рыбакина 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Елена Рыбакинаның ширек финалдағы қарсыласы Жапония өкілі Наоми Осака болмақ.