Теннис
26 мамыр 09:27
 

Рыбакина Страсбургтегі триумф арқасында рейтингте орнын өзгертті

  Пікірлер

blog.share

Рыбакина Страсбургтегі триумф арқасында рейтингте орнын өзгертті ©ktf.kz

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық рейтингтерді жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық рейтингтерді жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір саты жоғарылап, енді 11-орында тұр.
Юлия Путинцева да сәл алға жылжыды – 32-орыннан 31-сатыға көтерілді.
Зарина Дияс болса, бір саты төмен сырғып кетті — 275-тен 276-орынға түсті.

Жібек Қуламбаева айтарлықтай көтерілді — бірден 28 саты жоғарылап, 309-орынды алды.

Жекелей рейтингтің үздік үштігінде өзгеріс жоқ: көш басында – Беларусьтен Арина Соболенко, одан кейін АҚШ тенисшілері Кори Гауфф пен Джессика Пегула келеді.

Жұптық сында Қазақстан атынан ең үздік теннисші – Анна Данилина. Ол 18-орыннан 17-орынға көтерілді.

Жұптық рейтингтің үштігінде де өзгеріс болмады: бірінші орында – чехиялық Катерина Синякова, одан кейін – АҚШ теннисшілері Тейлор Таунсенд пен Жаңа Зеландиядан Эрин Рутлифф.

Айта кетейік, жуырда Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өткен WTA 500 турнирін жеңіп алды. Бұл жүлде оның карьерасындағы тоғызыншы, әрі 2024 жылдың сәуірінен бергі алғашқысы.

26 мамыр күні Рыбакина Ролан Гаррос-2025 турнирінде ойынын бастайды. Алғашқы айналымда ол аргентиналық Юлия Риерамен (рейтингте 202-орындаа) кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!