Теннис
26 наурыз 12:37

Рыбакина – Соболенко ойынын қайдан көруге болады? (тікелей трансляция)

©Андрей Ударцев/КТФ©

Теннистен Майамидегі WTA1000 турнирінің жартылай финалында қазақстандық Елена Рыбакина мен Беларусь теннисшісі Арина Соболенко кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz

Әлемнің бірінші және екінші ракеткасы арасындағы ойын тартысты болмақ. Екі теннисші бірер апта бұрын ғана өзара ойын өткізген болатын. Индиан-Уэллс қаласындағы WTA 1000 турнирінің финалында Аринаның мерейі үстем болған еді. 

Екі теннисші Қазақстандағы уақыт бойынша 27 наурыз күні таңертең кездеседі. Сағат 05:30-да басталады. 

Матчтың тікелей трансляциясы арнайы сілтеме арқылы қолжетімді болады.

Ширек финалда Арина Соболенко америкалық Хейли Баптистті (WTA №45) 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды.

Ал Елена Рыбакина ширек финалда америкалық Джессика Пегуланы (WTA №5) 2:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Екінші жартылай финалда 26-нан 27 наурызға қараған түні америкалық Кори Гауфф (WTA №4) пен чехиялық Каролина Мухова (WTA №14) кездеседі.

Miami Open турнирі 28 наурызға дейін жалғасады. Жалпы жүлде қоры 18 831 450 долларды (шамамен 9,08 млрд теңге) құрайды. Жекелей сында жеңімпаздар 1 151 380 доллардан (555 млн теңгеден астам) сыйақы алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport