Рыбакина Штутгарттағы WTA 500 турнирінде жеңіске жетті

©Porsche Tennis Grand Prix

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA 500-Porsche Tennis Grand Prix турнирінде жеңіске жетті.

Финалда қазақстандық спортшы украиналық Марта Костюкпен кездесті. Екі сет қорытындысы бойынша 6:2, 6:2 жеңіске жетіп, чемпион атанды. 

Айта кетелік, жартылай финалда Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті ұтқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport