Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының үшінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Турнирдің 1/32 айналымында әлемнің 135 ракеткасы америкалық Кэти Волынецті 6:4, 6:0 есебімен жеңді.
Ойын 1 сағат 8 минутқа созылды. Матч барысында Рыбакина екі рет эйс жасады.
Енді ол ширек финалға берілетін жолдаманы француз Каролин Гарсия мен америкалық Мэдисон Киз жұбының жеңімпазымен сарапқа салады.