Теннис
5 маусым 2023 13:02

Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирін жалғастырудан неге бас тартқанын түсіндірді

©twitter.com/rolandgarros

Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос-2023" турнирін жалғастырудан неге бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кеше өзімді нашар сезіне бастадым, дене қызуым көтерілді. Бүгін де солай болып тұр. Мұндай жағдайда ойнау қиын. Мен 100 пайыз дайын емеспін. Дене қызуым бар, басым ауырып тұр, ұйқым нашар болды. Мен бұл белгілерді екінші раундтан кейін сезіне бастадым. Менің жолым болмады, шөп төсенішіне дейін қалыпқа келуге тырысамын", - деді Елена арнайы баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирін жалғастырудан бас тартқанын хабарлаған едік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport