Теннис
Бүгін 17:09

Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды

©WTA

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (Women’s Tennis Association - WTA) жаңартылған әлемдік рейтингінде жоғарылады.

Жаңартылған тізім бойынша қазақстандық спортшы үшінші орыннан өзінің жеке рекорды саналатын екінші орынға көтерілді.

Бұл нәтиже Indian Wells Open (АҚШ) турниріндегі сәтті өнерінің арқасында мүмкін болды. Аталған WTA 1000 санатындағы жарыста Рыбакина финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоге (Беларусь) жол берді.

Қазір Елена Рыбакинаның еншісінде 7783 ұпай бар. Ал Арина Соболенко 11025 ұпаймен көш бастап тұр. Үшінші орында тұрған Ига Швёнтектің қоржынында 7413 ұпай бар.

Айта кетейік, Индиан-Уэллстегі финалдан кейін тағы бір қазақстандық теннисші - Анна Данилина да рейтингте жоғарылады. Жұптық сайыста ол қазір төртінші орынға көтеріліп, өз мансабындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport