Теннис
Бүгін 12:09
 

Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

  Пікірлер

blog.share

Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды ©ҚР ҰОК

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

blog.share

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина WTA рейтингінде алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

14 қыркүйекте аяқталған US Open-2026 турнирінің қорытындысы бойынша әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасы жарияланды. Қазақстандық теннисші бірінші орынға көтеріліп, бұған дейін көш бастап келген Беларусь өкілі Арина Соболенконы басып озды.

Бұл – Елена Рыбакинаның кәсіби мансабындағы әлемдік рейтингте алғаш рет көш бастауы.

Сонымен қатар Рыбакина Қазақстан тарихында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингтің бірінші орнына көтерілген тұңғыш спортшы атанды.

Қазақстандық теннисші US Open турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін-ақ рейтингте бірінші орынды өзіне қамтамасыз етті. Кейін Рыбакина финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Нью-Йорктегі бұл жеңіс Рыбакина үшін US Open турниріндегі алғашқы чемпиондық атақ әрі «Үлкен дулыға» жарыстарындағы үшінші жеңісі болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!