Теннис
Бүгін 08:18

Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шыға алмады

©Андрей Ударцев/КТФ©

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA №2) АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің жартылай финалында Беларусь өкілі Арина Соболенкоға жол берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу әлемдік рейтинг көшбасшысының 6:3, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.

Екінші жартылай финалда америкалық Кори Гауфф чехиялық Каролина Мухованы 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Финалда Арина Соболенко мен Кори Гауфф кездеседі. Шешуші ойын 28 наурыз, сенбі күні өтеді.

Miami Open турнирі 28 наурызға дейін жалғасады. Жалпы жүлде қоры 18 831 450 долларды (шамамен 9,08 млрд теңге) құрайды. Жекелей сында жеңімпаздар 1 151 380 доллардан (555 млн теңгеден астам) сыйақы алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport