Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (№7) ресми түрде WTA жылдың қорытынды турниріне жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жаңалық Жапонияның Токиосында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына шыққаннан кейін белгілі болды. Ширек финалда Елена канадалық Виктория Мбоконы жеңді.
WTA жылдың қорытынды турнирі биыл Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. Ол 1 қарашада басталып, 8 қарашаға дейін жалғасады.
WTA Finals турнирінде қатысатын теннисшілер:
Елена Рыбакина (Қазақстан), Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швёнтек (Польша), Коко Гауфф, Аманда Анисимова, Джессика Пегула, Мэдисон Киз (барлығы — АҚШ) және Жасмин Паолини (Италия).