Теннис
Бүгін 10:24

Рыбакина Канададағы "Мастерстің" жартылай финалына өтті

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы Жапония өкілі Наоми Осаканы жеңді.

Үш сетке созылған кездесуде Рыбакина 4:6, 7:6(5), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 36 минутқа созылды.

Финалға шығу үшін Рыбакина америкалық Кори Гауффпен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport