Рыбакина "Жыл ойыншысына" үміткер атанды

©ҚТФ

Маусым қорытындысы бойынша әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) марапатына үміткерлер анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ ресми сайтына сілтеме жасап.
 Еліміздің бірінші ракеткасы, "Уимблдон-2022" чемпионы Елена Рыбакина "Жыл ойыншысы" аталымы бойынша үміткерлер қатарына кірді.

Сондай-ақ, жоғары марапатқа әлемнің бірінші ракеткасы, "Ролан Гаррос", US Open және тағы алты жарыстың жеңімпазы, Польша өкілі Ига Швентек, дүниежүзілік рейтингіде екінші тұрған US Open және Уимблдон финалисі, Мадрид пен Берлин чемпионы, тунистік Онс Жабер таласпақ. Бұдан бөлек, америкалықтар, әлемнің жетінші ракеткасы, Ролан Гаррос финалисі Кори Гауфф, рейтингіде үздік үштіктегі Гвадалахара чемпионы Джессика Пегула, сонымен қатар, биыл WTA қорытынды турнирінде топ жарған франциялық Каролин Гарсия тізімге іліккен.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: