Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Истборндағы (Англия) WTA 500 - Rothesay International жарысына қатыспайтын болды. Алғашқы ойынын өткізуге аз уақыт қалғанда спортшы осындай шешім қабылдаған.
Спортшы денсаулығына байланысты жарысқа қатыспайды. Британдық The Guardian сарапшысы Тумаини Карайолдың жазуы бойынша, Елена вирус жұқтырып алған.
Елена бүгін қытайлық спортшы Сиюй Ванмен кортта кездесуі керек болған.
Сондай-ақ Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) чех спортшысы Линда Фрухвиртова да жарысқа қатыспайтынын хабарлады.