Рыбакина Франциядағы турнирді жеңіспен бастады

21 қыркүйек 2020 16:31
Елена Рыбакина. Сурет: olympic.kz©
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында басталған WTA турнирін жеңіспен бастады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің бірінші айналымында отандасымыз бельгиялық Гретье Минненмен кездесіп, екі сеттің қорытындысы бойынша 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч бір сағат 33 минутқа жалғасты. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Рыбакин әлемдік рейтингте 18-орында келеді. Ал оның қарсыласы Миннен болса 110 сатыда. 

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші словениялық Полина Херцог пен франциялық Ализе Корне арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. 


Метки: