Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина биылғы WTA жарыстарында 57 матчта 370 эйс жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Бірінші орынға 63 матчтағы 394 эйспен WTA қорытынды турнирінің чемпионы, франциялық Каролин Гарсия көтерілді. Екінші сатыға Елена жайғасса, ресейлік Вероника Кудерметова (59 матч, 265 эйс) үздік үштікке ілікті.