Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлиндегі (Германия) WTA 500 турнирінің екінші айналымында ұтылып қалды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші турнирдің екінші айналымында әлемнің 23-ракеткасы хорватиялық Донна Векичпен ойнады.
Матч 2 сағат 13 минутқа созылды. Елена Рыбакина қарсыласынан 7:6, 3:6, 4:6 есебімен ұтылды. Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдің ширек финалына шыға алмады.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдің алғашқы раундында ресейлік теннисші Полина Кудерметованы ұтқан еді.