Рыбакина азаматтығына қатысты сұраққа нүкте қойды

©Reuters

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина азаматтығы жөніндегі сұрақтың нүктесін қойды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Азаматтық туралы мәселе Рыбакинаның "Уимблдон" турнирін жеңіп алғаннан кейін шыққан еді. 2018 жылы Мәскеу қаласының тумасы азаматтық ауыстырып, Қазақстанның құжатын алды. Ұлыбританиядағы жеңістен кейін көптеген ресейлік басылымдар Рыбакинаны Қазақстан сатып алды деп ақпарат шығарды. Бүгін теннисшінің өзі Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз жиыны кезінде бұл сұраққа нүкте қойды. 

Айта кетейік, бүгін Рыбакина Нұр-Сұлтан қаласында жанкүйерлермен де кездеседі. Бұл жиын 18:00-де Ұлттық теннис орталығында болады.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport