Рыбакина Australian Open-2023 турнирінің екінші матчындағы қарсыласын 58 минутта ұтты

©instagram.com/lenarybakina/

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші айналым матчында Рыбакина Словения өкілі Кайя Юванды жеңді. Есеп - 6:2, 6: 1. Кездесу 58 минутқа созылды. 

Рыбакинаның келесі қарсыласы чехиялық Каролина Мухова мен америкалық Даниэль Коллинз арасындағы матчтан кейін белгілі болады.

Еске салайық, бірінші айналымда Рыбакина Италия өкілі Элизабетта Коччареттаны  7:5, 6:3 есебімен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport