Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан жылдың қорытынды турниріндегі үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күлгін топта ол бұған дейін екі матч өткізіп, екі ойында да жеңіліс тапты. Нақтырақ айтқанда, Рыбакина италиялық Жасмин Паолини мен қытайлық Чжан Цинвэнға есе жіберді. Осылайша, жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылды.
Әлемдік рейтингінің көшбасшысы Арина Соболенкоға (Беларусь) қарсы алдағы матч Елена үшін аса қатты маңызды емес еді.
Қазақстандық теннисші Беларусь өкілін 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңді. Рыбакина матч кезінде алты эйс пен төрт қос қателік жасады және жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.