Рыбакина әлемнің 1-ракеткасымен ойнады

©instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен матч өткізді. 

Польша өкілі Ига Швентек Римдегі турнирдің 1/8 финалында хорватиялық теннисші Донна Векичпен кездесіп, оны 6:3, 6:4 есебімен екі сетте ұтып, турнирдің жартылай финалына өту үшін қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен ойнады.

Бірінші сетті - 6:2 есебімен польшалық теннисші ұтты. Екінші сетте Рыбактина тай брейкте басым болды - 7:6. Аш үшінші сетте есеп 2:2 болып тұрғанда Швентек жарақат салдарынан ойынды жалғастырудан бас тартты.

Кездесу екі сағат 22 минутқа созылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport