Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде өз орнын жақсартты.
Бұған дейін қазақстандық спортшы үздік ондықтағы алтыншы орында тұрған еді. Енді ол бесінші сатыға көтерілді.
Теннисші Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирін жеңіп алған соң осындай нәтижеге қол жеткізді.
Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы - Беларусь өкілі Арина Соболенко. Екінші орында - Польша теннисшісі Ига Швентек, ал АҚШ спортшысы Коко Гауфф үздік үштікті түйіндейді.