Рыбакина әлемдік рейтингте төмендеді

©twitter.com/TheWTAThree

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елены Рыбакина төртінші сатыда қалды. Юлия Путинцева да өз орнында - 68-саты. Топ-3 тізім де өзгермеді: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Кори Гауфф (АҚШ).

Ал жұптық сында Рыбакина бір саты төмендеп, 123-орынға тоқтапты. WTA рейтингінің бірінші және екінші орны өзгермеді - Сторм Хантер (Аустралия) және Элизе Мертенс (Бельгия), ал үшінші орынды Джессика Пегула мен Кори Гауфф (екеуі де АҚШ) бөлісіп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport