Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді

©РИА Новости

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

live-tennis.eu хабарына қарағанда, Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілуге тиіс. Бұл - оның карьерасындағы ең жоғары нәтиже.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Римде (Италия) өтіп жатқан Masters 1000 - Internazionali BNL d'Italia турнирінде чехиялық Маркета Вондроушованы жеңіп, ширек финалға өтті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Римде жеңіске жетсе, төртінші орынға көтеріледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport