Теннис
Кеше 10:52

Рыбакина АҚШ-та сыйақысы 100 миллиондық турнир финалын 10-ақ минутта жеңіп алды

©Андрей Ударцев/ҚТФ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина америкалық Тейлор Фрицпен бірге АҚШ-та өткен коммерциялық турнирде аралас жұптық санатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалда олар америкалық Аманда Анисимова мен Лёрнер Тьенді небәрі он минуттың ішінде 10:7 есебімен тізе бүктірді.

Ширек финалда Рыбакина мен Фриц италиялық Жасмин Паолини / Маттео Берреттини жұбын 10:5 есебімен ұтса, жартылай финалда Ига Швёнтек (Польша) пен Каспер Руудтан (Норвегия) 10:3 есебімен басым түсті.

Tie Break Tens — Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтетін турнир. Онда ATP және WTA жұлдыздарынан құралған сегіз аралас жұп бақ сынайды. Жарыс форматы бойынша матчтар 10 ұпайға дейінгі тай-брейк түрінде ойналады және жеңімпаз бірнеше сағат ішінде анықталады. 2026 жылы турнирдің жүлде қоры 200 мың долларды (шамамен 100 миллион теңге) құрады.

Айта кетейік, әлемдік рейтингте WTA бойынша үшінші орында тұрған Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтетін WTA 1000 санатындағы турнирдің жекелей сынында да өнер көрсетеді. Байрақты бәсеке 4–15 наурыз аралығында өтеді. Қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол колумбиялық Эмилиана Аранго (WTA №108) мен америкалық Хейли Баптист (WTA №43) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport