"Роллан Гаррос" қазақстандық теннисші қызды болашақ жұлдыз деп атады

30 қыркүйек 2020 13:08
Сурет: AFP
Францияның теннистен ашық чемпионатының ("Роллан Гаррос") Twitter желісіндегі ресми парақшасында Елена Рыбакина туралы видео жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Роликте Рыбакина туралы мәлімет және 2020 жылғы жетістіктері туралы айтылды.

"21 жастағы Елена Рыбакина - WTA рейтингінде 18-орын. Қазақстаннан шыққан болашақ жұлдыз өткен жылмен салыстырғанда 154 орынға көтерілді. 2020 жылы он турнирдің бесеуінің финалында ойнады. 28 жеңіс - 2020 жылғы ойыншылар арасында ең үздік көрсеткіш. Негізгі мақсаты: "Әлемнің бірінші ракеткасы болу және "Үлкен шлем" турнирін жеңу" (Рыбакинаның сөзі). Рыбакина "Роллан Гарроста" өз талантын көрсетуге дайын", - делінген видеода.



Айта кетейік, Рыбакина румыниялық Сорана Кырстюді 6:0, 6:3 есебімен жеңіп, "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына шықты.
Метки: