"Ролан Гарроста" ресейлік теннисші келісілген матч өткізді деген күдік бар

Сурет: Sportbox
Ресейлік теннисші Яна Сизикова Франция ашық біріншілігінің бірінші айналымында келісілген матчқа қатысты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Р-Спорт" германиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, америкалық Мэдисон Бренглмен жұптасып өнер көрсететін ресейлік спортшыға теннистегі сыбайлас жемқорлық жағдайларымен айналысатын Tennis Integrity Unit тергеуінде айып тағылды.

Әйелдер арасындағы жұптық жарыстың бірінші айналымында Сизикова Мэдисон Брэнглмен бірге румындар Кристина-Андреа Миту мен Патрисия-Мария Цигке қарсы ойнаған. Румындар 7: 6, 6: 4 есебімен жеңіске жеткен. Tennis Integrity Unit Сизикованың екінші сетте екі рет жіберген қателігінен соң күдіктенген. Тергеушілер осы кезде букмекерлік кеңселердегі белсенділікті байқаған. Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, бәс мөлшері бірнеше жүз мың еуроға дейін жеткен.

25 жастағы Сизикова жекелей сында да, жұптық сында да үлкен жетістіктерге жеткен жоқ.
Метки: