Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қатысқан "Ролан Гаррос" турниріндегі алғашқы матч кезінде қызық жағдай болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ролан Гаррос" турнирінің трансляция режиссерлері Елена Рыбакина мен оның словениялық қарсыласы Вероника Эрьявецтің азаматтығын қате көрсеткен. Инфографикада Қазақстанның бірінші ракеткасы Испания өкілі ретінде берілсе, Эрьявец АҚШ теннисшісі деп көрсетілген.
Сонымен қатар, Рыбакинаның турнирдегі нөмірінде де қате кеткен. Екінші нөмірдің орнына оған 27-нөмір тіркелген.
"Оларда Рыбакина Испания атынан өнер көрсетіп, 27-себілген теннисші ретінде америкалықпен бес сетке дейінгі матч ойнап жатыр. Бәрі қате", - деп жазды белгілі The Tennis Letter аккаунты.
They have Rybakina representing Spain as the 27th seed playing a best of 5 match against an American
— The Tennis Letter (@TheTennisLetter) May 25, 2026
Everything is wrong
???????? pic.twitter.com/NRh8BdLsUK
Матчтың өзі Рыбакинаның айқын басымдығымен аяқталды - 6:2, 6:2.
"Ролан Гаррос-2026" турнирінің екінші айналымында қазақстандық теннисші украиналық Юлия Стародубцеваға (№54) қарсы ойнайды.
Жарнама