Роджер Федерер кәсіпқой карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді

16 қыркүйек 2022 01:51
©bb.lv

41 жастағы Роджер Федерер спорттық карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл жайлы әлемге әйгілі теннисші әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Белгілі болғандай келесі аптада ATP турнирі аясындағы Лейвер Кубогі спортшының мансабындағы соңғы ресми жарысы болмақ.

Федерердің айтуынша, ол денсаулығына байланысты бұрынғыдай жоғары деңгейде өнер көрсете алмайды.

Еске салайық, швейцариялық теннисші жекелей жарыста бірнеше жыл бойы әлемнің бірінші ракеткасы болды. "Үлкен дулыға" турнирінің 20 дүркін чемпионы және жекелей сында ATP-тің қорытынды турнирлерінде 6 рет жеңіске жеткен. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанса, 2014 жылы тұңғыш рет Швейцария құрамасының сапында Дэвис Кубогін иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: