Ресейлік теннисші US Open-дегі жеңілісінен кейін жылап жіберді

©Видеодан алынған кадр

Ресейлік теннисші Андрей Рублев US Open турнирінде америкалық Фрэнсис Тиафодан жеңілгеннен кейін эмоциясын ұстай алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Рублев ширек финалдық ойында 6:7(3:7), 6:7(0:7), 4:6 есебімен ұтылды. Ойын 2 сағат 39 минут болды. Кездесу барысында ресейлік теннисші 14 эйс, бір мәрте қосар қателігін жасады. Ал Тиафо болса 18 эйс тіркеп, допты ойынға қосу кезінде үш мәрте қателесті. 

Ойыннан кейін Рублев жылап жіберді. Бұл сәт телекамареға түсіп қалды. 

Бұл Рублевтің "Үлкен дулыға" турниріндегі алтыншы ширек финалы. Ол ешқашан жартылай финалға шыққан емес. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: