Теннис
18 қазан 2022 10:57

Ресейлік теннисші Қазақстан азаматтығын "алғанына" қатысты пікір білдірді

©sport.ru

Ресейлік теннисші Александр Шевченко Қазақстан азамттығын алды деген ақпаратқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".

Әлемнің 149-ракеткасы Стокгольмде өтіп жатқан ATP-250 турнирінде матч қорытындысы көрсетілген жерде Қазақстан туымен белгіленіпті

"Медиа өкілдері дұрыс түсінбеген. Әлі ештеңе түсініксіз, мен үшін де", - дейді Шевченко. 

Айта кетейік, ATP сайтында Шевченконың азаматтық ауыстырғаны туралы ешқандай ақпарат жоқ. Онда ол әлі де ресейлік деп көрсетілген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport