Ресейлік теннисші Қазақстан азаматтығын "алғанына" қатысты пікір білдірді
©sport.ru
Ресейлік теннисші Александр Шевченко Қазақстан азамттығын алды деген ақпаратқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
Ресейлік теннисші Александр Шевченко Қазақстан азамттығын алды деген ақпаратқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
Әлемнің 149-ракеткасы Стокгольмде өтіп жатқан ATP-250 турнирінде матч қорытындысы көрсетілген жерде Қазақстан туымен белгіленіпті.
"Медиа өкілдері дұрыс түсінбеген. Әлі ештеңе түсініксіз, мен үшін де", - дейді Шевченко.
Айта кетейік, ATP сайтында Шевченконың азаматтық ауыстырғаны туралы ешқандай ақпарат жоқ. Онда ол әлі де ресейлік деп көрсетілген.
Жарнама