Ресейлік Даниил Медведев Астанадағы теннистен АТР 500 турниріндегі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Соңғы жылдары сіздердің елде теннис спорты жақсы дамып келеді. Жарысқа келген жанкүйерлердің қарасы көп. Спорттық карьерамдағы алғашқы ITF деңгейіндегі жарысты Өскеменде жеңгем. Сондықтан Қазақстан дегенде сол жетістігім еске түседі. Аталмыш деңгейдегі турнирдің болашағы бар деп ойлаймын, - дейді Медведев.
Еске салайық, Астанадағы турнирдің жүлде қоры 1,9 миллион АҚШ долларын құрайды.