Рекорд? АТР қорытынды турнирінің жеңімпазы қанша табысқа кенелетіні айтылды
Теннистен АТР қорытынды турнирінің жеңімпазы рекордты табысқа кенеледі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Теннистен АТР қорытынды турнирінің жеңімпазы рекордты табысқа кенеледі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Белгілі болғандай биылғы жеңімпаз 4,7 миллион АҚШ долларын алады. Ал сол турнирдің топтық кезеңінде үш ойында жеңіске жеткен теннисші 1,5 миллион долларды қалтасына басады. Резервте болған спортшы жәй ғана 150 мың долларды алады.
Әзірге теннис әлемінде бір жарыста ең көп табысқа кенелген Эшли Барти ғана. Ол WTA қорытынды турнирін жеңгені үшін 4,42 миллион АҚШ долларын алған еді.
АТР турниріне биыл жолдама алған теннисшілер:
Новак Джокович (Сербия);
Карлос Алькарас (Испания);
Рафаэль Надаль (Испания);
Каспер Рууд (Норвегия);
Стефанос Циципас (Грекия).
Биылғы қорытынды турнир қараша айының 13-20 аралығы Италияның Турин қаласында өтеді.
Жарнама