Рафаэль Надаль US Open турниріндегі жарысын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Турнирдің төртінші айналымында әлемнің ең беделді теннисшілерінің бірі саналатын Надаль америкалық Фрэнсис Тиафомен кездесті. 3 сағат 31 минутқа созылған ойын 4:6, 6:4, 4:6, 3:6 есебімен Тиафоның жеңісімен аяқталды.
Енді АҚШ өкілі жартылай финалға жолдама берілетін матчта ресейлік Андрей Рублевпен кездеседі. Өз кезегінде Рублев ұлыбританиялық Кэмерон Норриді орта жолда үйіне қайтарды.
АҚШ-тың ашық чемпионаты тамыз айының 29 жұлдызы мен қыркүйектің 11 дейін жалғасады.
Еске салайық, Рафаэль Надаль спорттық карьерасында ATP сериясының 92 титулын жеңген. Ол биыл Ролан Гаррос, Акапулько, Аустралияның ашық чемпионаты мен Мельбурндегі турнирде топ жарды.