Рафаэль Надаль "Үлкен дулыға" турнирінде 350 матч өткізді

©rafaelnadal

"Үлкен дулыға" турнирінің 22 дүркін чемпионы Рафаэль Надаль "Уимблдон" жарысының 1/8 финалында голландиялық Ботик ван де Зандсхулпты ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Ал Надаль үшін бұл ойын "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі 350-ойын болғанын айта кеткен жөн. 2008, 2010 жылдары "Уимблдон" жеңімпазы 350 матчта 309 рет жеңіске жетті.

Салыстырмалы түрде сербиялық Новак Джокович пен швейцариялық Роджер Федерер көп ойнаған. Мәселен Джокович 387 ойын өткізсе, Роджер 429 кездесу өткізген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: