Рафаэль Надаль "Ролан Гарростың" финалынан кейін карьерасын аяқтауы мүмкін

©Reuters

Үлкен дулыға турнирлерінің 21 дүркін жеңімпазы Рафаэль Надаль бүгін, 5 маусым күні карьерасын аяқтағаны туралы мәлімдеуі мүмкін, деп хабарлайды RMC Sport порталы. 

Бүгін 36 жастағы испаниялық теннисші "Ролан Гаррос" турнирін 14 мәрте жеңіп алуы ықтимал. Ол финалда норвегиялық Каспер Руудпен кездеседі. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, финалдық матч қалай аяқталғанына қарамастан, Рафаэль карьерасын аяқтауы туралы хабарлауы мүмкін. 

Айта кетейік, Надаль өткен аптада Францияның ашық чемпионаты оның карьерасындағы соңғы турнирі болуы мүмкін екенін айтқан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: