Рафаэль Надаль Лэйвер Кубогінен шығып қалды

24 қыркүйек 2022 17:09
©btu.org

Әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған испаниялық Рафаэль Надаль Лондонда өтіп жатқан Лэйвер Кубогіндегі жарысын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Белгілі болғандай Надаль жеке шаруаларының шығып қалуынан турнирді жалғастырудан бас тартты. Енді оның орнын рейтингте сегізінші тұрған британиялық Кэмерон Норри басады. Норри бүгін 24 қыркүйек күні америкалық Тэйлор Фрицпен кездеседі.

Осының алдында Надаль мен спорттық карьерасын аяқтаған швейцариялық Роджер Федерермен жұп құрып, америкалық Джек Сок пен Фрэнсис Тиафу дуэтіне 6:4, 6:7 (2:7), 9:11 есебімен ұтылған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: