Путинцева WTA турнирінің үшінші кезеңіне шықты

©ktf

Әлемнің 33-ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева Истбурн (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жарысты екінші айналымнан бастаған Путинцева әлемнің 40-ракеткасы, испаниялық Сара Соррибес-Тормомен шеберлік байқасты. Тартысты өткен бірінші партияда Юлия таразы басын өзіне аудара білді – 7:5. Екінші сетте Юлия 4:0 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:1. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, грекиялық Мария Саккари немесе дүниежүзілік рейтингте 36-орында тұрған украиналық Ангелина Калининаның біреуімен таласады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport