Путинцева Стамбулдағы турнирдің жартылай финалына шықты

©vseprosport

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Стамбулдағы WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ширек финалда отандасымыз әлемнің 41-ракеткасы австралиялық Айла Томляновичті 5:7, 6:2, 6:4 есебімен ұтты. 2 сағат 45 минутқа созылған кездесуде әлемнің 51-нөмірлі теннисшісі бес рет эйс жасады.

Енді Путинцева жартылай финалда Анастасия Потапова (Ресей) мен Сара Соррибес-Тормо (Испания) жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport