Путинцева "Роллан Гаррос" турнирінің екінші айналымына өте алмады

Юлия Путинцева. Сурет: wtatennis.com©

Қазақстандық Юлия Путинцева "Роллан Гаррос" турнирінің бірінші айналымынан өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

WTA рейтингінде 43-ші орында тұрған қазақстандық тенисші "Үлкен шлем" турнирін бірінші айналымнан бастады. Оның қарсыласы әлемдік кестеде 26-шы орындағы тунистік Онс Жабер болды. 

Кездесу бір сағат 20 минутқа созылып, Юлия екі сетте де есе жіберді. Есеп 5:7 және 2:6. Ол ешқандай эйс жасай алмады, алайда төрт брейк-пойнттың төртеуін де жасай алды. 

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің екінші айналымына бұдан бұрын Елена Рыбакина мен Зарина Дияс шыққан болатын. 

Метки: