Путинцева "Ролан Гаррос" турнирін аяқтады
©dailynews
Юлия Путинцева "Ролан Гаррос" турниріндегі жекелей жарысын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Юлия Путинцева "Ролан Гаррос" турниріндегі жекелей жарысын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші турнирдің екінші айналымында әлемнің 30-шы ракеткасы италиялық Камила Джорджемен кортта жолдары түйісіп, 3:6, 5:7 есебімен жеңілді. Бір қызығы, отандасымыз алғашында 2:0 және 3:1 есебімен алда тұрған. Алайда қолда тұрған жеңістен айырылып қалды.
Еске салайық, Путинцева 2016, 2018 жылдары Франция ашық чемпионатының ширек финалына дейін жетті.
Жарнама