Путинцева Рим турнирінде әлемнің экс-бірінші ракеткасын ұтты

©olympic

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Римдегі WTA турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Екінші айналымда жерлесіміз әлемнің экс-бірінші ракеткасы бүгінгі таңда оныншы орында тұрған испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездесті. Екі сағат 17 минутқа созылған матч 3:6, 6 (4):7 (7), 6:1 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Енді Путинцева келесі айналымда тунистік Унс Жабермен өзара мықтыны анықтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport