Путинцева Олимпиада ойындары алдында WTA рейтингінде бірнеше саты жоғарылады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Венгрияның Будапештте өткен Hungarian Grand Prix турнирдегі жеңісінен кейін WTA рейтингінде жоғарлады. Жаңартылған рейтингте ол жеті саты жоғарлап, 35-орынға жайғасты. 

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина 20-орында қалды. Ал Зарина Дияс үш саты көтеріліп, 99-орынға көтерілді. 

Ал жаңартылған АТР рейтингінде еліміздің бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик үш саты төмен түсіп, 40-орынға орналасты. Михаил Кукушкин болса 123-орынға шықты. 

 

Метки: