Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Венгрияның Будапештте өткен Hungarian Grand Prix турнирдегі жеңісінен кейін WTA рейтингінде жоғарлады. Жаңартылған рейтингте ол жеті саты жоғарлап, 35-орынға жайғасты.
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина 20-орында қалды. Ал Зарина Дияс үш саты көтеріліп, 99-орынға көтерілді.
Ал жаңартылған АТР рейтингінде еліміздің бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик үш саты төмен түсіп, 40-орынға орналасты. Михаил Кукушкин болса 123-орынға шықты.